Тікелей эфир

Жоқ жолды жөндеуге 328 миллионға тендер ойнатпақ болған шенділердің әрекеті әшкере болды

Қарағанды облысының шенеуніктері теңгерімде жоқ жолды жөндеу үшін 328 миллион теңгеге тендер жарияламақ болған.

Әкімдіктегілердің заңсыздығын құзырлы орган өкілдері дер кезінде әшкереледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ақтоғай ауданының әкімдігі “Ақжарық-Аппаз” тас жолын жөндеуге деп қаражат бөліп, ашық конкурс өткізуді жоспарлаған. Бұл жол әкімдіктің балансында жоқ болып шықты. Тіпті, трассаның құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттама да әзірленбеген.

Прокурорлар заңсыздықтың алдын алып, конкурсты тоқтатты. Аудан шенеуніктері жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған трасса әкімдік теңгерімінде болмағанымен, осы қара жол арқылы екі бірдей ауданның тұрғындары қатынайды деп ақталды.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады


"Жаз мезгілінде 40 мыңнан аса жолаушы жолды пайдаланады. Бұл жолды 450 шақырымға дейін қысқартып, туристердің және жолаушылардың қаражатын және уақытын үнемдеуіне әкеледі. Ақпан айының соңына дейін жолдың құжаттарын дайындап, көктем мезгілінде жұмыстарды бастау жоспарланып отыр", – деді Ақтоғай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ардагер Қапашев.

Серіктестер жаңалықтары