Новости спорта

2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады

Бұл сыйақы пара сомасы 1 мың АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға беріледі.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы қарастырылған. Оның ережелері Үкіметтің №1131 қаулысында жазылған.

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы, ұсынылған жеңілдіктердің, көрсетілген қызметтердің құны 1 мың АЕК-тен (2023 жылы 1 АЕК – 3 450 теңге) аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК (103 500 теңге);
  • онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК (138 000 теңге);
  • ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (172 500 теңге);
  • ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК (241 500 теңге);
  • аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (345 000 теңге).

Оқи отырыңыз: Қытай сыбайлас жемқорлықпен қалай күресті?


Ал пара немесе келтірілген залал сомасы, ұсынылған жеңілдіктер, көрсетілген қызметтер құны 1 мың АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға пара немесе келтірілген залал, ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10 пайызы көлемінде сыйақы беріледі. Бірақ ол 4 мың АЕК-тен (13,8 млн теңге) аспайды.

Біржолғы ақшалай сыйақыны ала алмаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы органға өтініш жазу қажет. Бұл жағдайда адамға алғыс жариялануы немесе грамота берілуі мүмкін.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары