USD: 469.5 / 472.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Жол үстінде намаз оқуға бола ма? Алматы орталық мешітінің жауабы

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Мешіт басшылығы көлікті дұрыс орынға қойып, талап пен тәртіпті қатаң сақтауды сұрады.

Алматыда жұма күні мешіттерде жұма намазын оқу кезінде намазхандардың жол үстінде құлшылық етіп, жол қозғалысына бөгет болуының белең алуына байланысты Алматы Орталық мешіті қала халқына үндеу жасады

Мешіт басшылығының мәлімдеуінше, Исламда жол үстінде намаз оқуға тыйым салынған. 

"Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жеті жерде намаз оқуға тиым салған. Олар: қоқыс жиналған жерде, мал соятын орында, қабір басында, жолдың үстінде, моншада, мал суарылатын орында және қағбаның үстінде. Жол үстінде намаз оқудан тиым салуының басты себебі, жол қозғалысына кедергі келтірмеу болып табылады. Ол көшемен жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіру көлігі немесе жұмысына асыққан адам жүретіні белгілі. Сондықтан 5 минутқа көшені жауып намаз оқу қаншама ұзын-сонар көше көптелісін туындатады", – делінген хабарламада. 

Осыған орай, мешіт басшылығы жұма намазын оқу кезінде жолды жауып, басқа адамдарға зиян тигізуге болмайтынын ескертті. 

"Сол себепті, баршаңызды намазға ертерек келіп, тиісті көрсетілген орындарға жайғасуды, жолдарды жаппауды, көліктерді де дұрыс орынға қоюды, талап пен тәртіпті қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", – деп хабарлады Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз