Сараланған білім гранттары үміткердің ҰБТ нәтижесіне, жетістіктеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарай беріледі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ашық НҚА порталында сараланған білім гранттарын беру қағидаларының жобасын қоғам талқысы үшін жариялады. Жобада базалық, "Дарын" және "Қамқор" гранттарының жалпы білім беру тапсырысындағы үлесі айқындалған.
Құжатқа сәйкес, аталған грант түрлері келесі үлестерге ие болады:
- Базалық гранттар – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 50 пайызы.
- "Дарын" гранттары (халықаралық олимпиадалар, орындаушылардың халықаралық конкурстары, спорттық жарыстардағы жетістіктер ескеріледі) – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің 10 пайызынан астам емес.
- "Қамқор" гранттары (әлеуметтік мәртебе мен ғылыми (шығармашылық) жетістіктер ескеріледі) – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 30 пайызы.
Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек айына 2 АЕК cалып, ЖОО-да оқуға қалай 9 млн теңге жинауға болатынын түсіндірді
Еске салайық, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аталған грант түрлерінің сомасы қанша болатынын айтқан еді. Оған сәйкес, базалық грант сомасы мемлекеттік грант сомасына тең (100%) болса, "Дарын" грантының сомасы мемлекеттік гранттың 120 пайызына, ал "Қамқор" гранты 30-50 пайызына тең болуы тиіс.
Құжат жобасы 21 сәуірге дейін жария талқыға ұсынылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
387
-
0
-
0
-
-
2🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
416
-
0
-
2
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
335
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
311
-
0
-
0
-
-
5💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
285
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
272
-
0
-
0
-
-
7🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
254
-
0
-
0
-
-
8☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
265
-
0
-
0
-
-
9👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
216
-
0
-
0
-
-
10🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
209
-
1
-
2
-