Жыл басынан бері 310 шетелдік елден шығарылды

673 шетел азаматы полиция департаменті қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.

Жыл басынан бері Алматыда еліміздің көші-қон заңнамасын бұзудың 15 904 дерегі анықталды. 4 182 іс бойынша шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Сот шешімімен 310 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 673 шетел азаматы полиция департаменті қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, 2022 жылдың 6 айында еңбек иммигранттарына жеке адамдарда жұмыс істеуі үшін 34 162 рұқсат қағазы берілді және ұзартылды", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, полиция Алматыда жыл басынан бері "Келімсек" және "Нелегал" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілгенін хабарлады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанға келіп жатқан шетелдік компаниялардың күрт көбеюіне алаңдаған жөн бе?

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары