Бұрын мұндай мүмкіндік тек ЖОО студенттеріне ғана берілген.
Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктері мен "Самұрық-Қазына" қоры арасындағы келісімнің жаңа жобасына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын студенттерден бөлек, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын студенттер де оқу ақысын төлеу үшін несие ала алады.
Жобада несие шартына қатысты талаптар өзгермеген.
Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 9%. Студент несиені оқуды бітіргеннен кейінгі 15 жыл ішінде төлей алады. Несие алушы не кепілге мүлік қоюы, не кепілгер адам ұсынуы шарт.
Білім несиесін рәсімдеу үшін студенттің әлеуметтік мәртебесі келесі санаттарға жатуы керек:
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
- мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;
- ата-аналары мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;
- көп балалы, табысы аз немесе толық емес отбасыдан шыққан студенттер;
- ата-аналары зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер.
Оған қоса, үміткерлердің оқу үлгерімі жоғары болуы тиіс.
Оқи отырыңыз:
- Студенттер 2023-2024 оқу жылынан бастап 2-3 пайыздық кредит ала алады
- Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды