Тікелей эфир

Жер сілкінісі кезінде жанармай құю станциясына бармаған жөн – сарапшы

Ең алдымен ресми ұйымдарға: ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органға жүгіну керек.

Брифинг барысында сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

Сондай-ақ, ол жер сілкінісі кезінде жанармай құю бекеттеріне баруға болмайтынын айтты.

"Жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар – жарылыстар, өрттер болуы мүмкін", – деді Сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев.

Ол қандай да бір себептермен азаматтар ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенбейтінін айтты.


Оқи отырыңыз: Google ескертуі неге алматылықтардың бәрінің телефонына бірдей келген жоқ


"Ең алдымен ресми ұйымдарға: ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органға сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз – журналистермен бірлесіп, азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін тәрбиелеу қажет", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары