Тікелей эфир

Google ескертуі неге алматылықтардың бәрінің телефонына бірдей келген жоқ

Жер сілкінісі кезінде қала тұрғындарының біразы Google ескертуінен оянғанын хабарлады.

Алматыда кеше жер сілкінісінен сәл ғана уақыт бұрын кейбір алматылықтардың ұялы телефонына Google ескертуі келді. Бұл туралы олар әлеуметтік желіде хабарлап жатты. Алайда, оларға ешқандай ескерту алмағандарын айтып жауап беріп жатқандар да көп болды. 

Бұл рас. Google ескертуі алматылықтардың бәрінің телефонына бірдей келген жоқ. Неге екенін түсіндіреміз. 

Біріншіден, Google ескертуі тек Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға ғана келеді. 

Екіншіден, смартфонның баптауларын осындай хабарлама алуға қолжетімділік бере отырып өзгерту қажет. Ол үшін:

  • геолокация қосулы болуы қажет. Бұл Google жүйесінің сіздің нақты мекен жайыңызды білуі үшін қажет;
  • "Баптау – Қауіпсіздік және төтенше жағдай – Жер сілкінісі туралы хабарлау" командасын орындау арқылы Google жүйесінің сізге ескерту жіберуіне рұқсат беруіңіз қажет. 


Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі кезіндегі дабыл шабаданы. Оны қалай жинап, қайда сақтау керек?


 

Серіктестер жаңалықтары