Жаңаөзендегі жалғыз кинотеатр жабылу алдында тұр

Кәсіпкердің жалға алған ғимарат иесіне берешегі – 7 миллион теңге.

Жаңаөзен қаласындағы жалғыз кинотеатр жақын күнде қызметін тоқтатуы мүмкін. Өйткені, коронавирус пандемиясы кезінде кәсіпкер кинозалды жалдау ақысын төлей алмаған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Кинотеатр иесі, кәсіпкер Данияр Айса пандемияға дейін ғимаратты 750 мың теңгеге жалға алып келген. Ал карантинге байланысты кинотеатр қызметіне тыйым салынған уақытта ғимарат иесі жалдау ақысын 500 мың теңгеге төмендетіп, Данияр Айса берешегін карантин жеңілдетілген соң беруді уәде етеді. Алайда ұзаққа созылған шектеуге байланысты кәсіпкер қарызын төлей алмайды.

"Сот шешімімен жалға берушіге 7 миллион теңге төлеуім керек. Ол соманы төлейтін мүмкіндігім жоқ. Сол себепті менің барлық шотымды жауып тастады. Осы даудың кесірінен үкіметтің берген 9 пайыздық субсидиясынан да айырылып қалайын деп отырмын", – дейді кәсіпкер Данияр Айса.


Оқи отырыңыз: 


Өңірдегі кәсіпкерлер палатасының өкілдері мұндай жағдайда мәселеге араласа алмайтынын айтады. Өйткені, екеуі де – кәсіпкерлер палатасының мүшесі. Ал экономиялық сотта екі кәсіпкер арасында жасалған шартқа ешқандай өзгеріс енгізілмегендіктен сот Данияр Айсадан қаражат өндіру туралы шешім шығарғанын хабарлады. Судьяның сөзінше, кәсіпкер ғимаратты жалға алу туралы шарттық қарым-қатынастан бас тартпаған.

"Бүгінгі таңда сот шешімі арендаға алушы дара кәсіпкер Айсамен аппеляциялық тәртіпте дауланып, аппеляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырған, бірінші сатылық сот шешімі күшіне енген", – деді Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Арыстанбек Бекболатов.

Судья сот барысында негізге алынған басты жағдай - екі тарап арасындағы келісімшарт екенін айтады. Карантин шаралары 2020 жылдың қараша айында жеңілдетіліп, кинотеатр жұмысына рұқсат берілген. Осылайша сот 2020 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейінгі жалға алу ақысын өндіру туралы шешім шығарған.

Ал Данияр Айса карантин шаралары кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге қажетті деңгейде қолдау жоқ екеніне наразы.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары