"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 28-30 желтоқсанда Қазақстан жаңбыр мен қар жаудыратын Атлантикалық циклонның ықпалында қалады.
"Сондай-ақ, бұрқасын, көктайғақ, 15-28 м/с екпінді жел күтілуде. 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік облыстарда 30 м/с және одан да жоғары жел соғады", – деді синоптиктер.
Кезеңнің соңында еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күн суытады. Көрсетілген солтүстік және орталық облыстарда түнде ауа температурасы -7...-15°, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -3...-13° дейін төмендейді.
Оқи отырыңыз: Жаңа жыл түнінде Астананың қай жерлерінде мерекелік шаралар өтеді?
USD:
481.9 / 484.9
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.81 / 6.01