Бір жылда 12 мың отбасы жаңа ипотека көмегімен баспаналы бола алады.
Krisha.kz хабарлауынша, Қазақстанда 1 мамырдан бастап жаңа ипотека іске қосылады. Мұндай тұрғын үй бағдарламасын қолға алуды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайда ұсынған болатын.
Жаңа бағдарламаға 300 млрд теңге бөлінеді. Демек, бағдарлама операторы Отбасы банк дәл осындай сомаға мөлшерлемесі жылына 7 %-дан аспайтын кредит береді.
Бір жылда 12 мың отбасы жаңа ипотека көмегімен баспаналы бола алады.
Жаңа бағдарламаға кім қатысады?
- жұмыс істейтін жастар;
- жас отбасылар;
- тұрғын үй төлемін алып отырғандар;
- Отбасы банк салымшылары;
- моноқала, аудан орталықтары, сонымен қатар ауыл тұрғындары.
Кезекте тұрған азаматтардың жинаған ақшасына қатысты талап болмайды.
Оқи отырыңыз: Жаңа ипотека: Қанша ақша бөлінеді және кімдер қатыса алады