Тікелей эфир

Жаңа ипотека: Қанша ақша бөлінеді және кімдер қатыса алады

Қазақстанда биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтереді.

Бүгін Үкімет отырысында президент тапсырмасы бойынша қолға алынатын жаңа ипотекаға қатысты негізгі мәліметтер болды. 

"Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Отбасы банкімен бірлесіп, 300 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беретін жаңа бағдарлама іске қосылады", – делінген ресми хабарламада. 

Жаңа бағдарламаға: 

  • жұмыс істейтін жастар;
  • жас отбасылар;
  • тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • банк салымшылары;
  • моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады. 

Оқи отырыңыз: "9-20-25", "7-20-25", "Жас отбасы": 2024 жылы ипотекамен қалай пәтер алуға болады?


Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.Бұл бұрынғы жоспарланған жылдық көрсеткіштен 2,5 млн шаршы метрге артық.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда ауыл мен аудан халқына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алуды тапсырған болатын

Серіктестер жаңалықтары