Жамбыл облысында бәр топ кәсіпкер өңір әкімдігінің алдына жиналып, Бердібек Сапарбаевпен тілдесуді талап етті.
Шаруалардың сөзінше, биыл егін өнімі аз, ал мал асырап отырған қожалықтар жем-шөпсіз қалып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мұндай шаруалардың бірі Қадірқұл Мышбаев 4 мыңдай қой, 300-дің үстінде жылқы, 50-60 сиыр асырайды. Оның айтуынша, биылға дейін құны 350 теңге болған жоңышқаның бағасы 2 мың теңгеге, ал 250 теңгеден сатылған шөп құны 1 300 теңгеге бір-ақ көтерілген.
"Мен қазір 40-ақ пайыз жем-шөппен қамтылдым. Ертің қыс былтырғыдай қатты суық болса, малымның 70-80 пайызынан айырылып қалатын түрім бар", – дейді ол.
Жамбыл облысы әкімдігінің алдында жиналған кәсіпкерлердің кейбірі көктемгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан мүлігін тігіп, қыруар қаржы алғанын айтты. Алайда жаңбырдың аздығынан жоспарлаған өнім ала алмапты. Шаруалар өздерімен сөйлесуге шыққан облыс әкімінің орынбасарларымен тілдеспей, тек Бердібек Сапарбаевтың сыртқа шығуын талап етті.
"1 миллион 700 тонна шөп бар. Ол – 100 пайыз. Ал жем-шөптің, яғни арпа, бидаймен қамтылу деңгейі 53 пайыз шамасында болып отыр", – дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов.
Ол сондай-ақ мемлекет шаруаларға берілуі тиіс субсидияны бере алмай отырғанына да тоқталды. Жамбылдық шаруаларға 7 миллиард 800 миллион теңге субсидия үлестірілуі қажет болса, нақты жем мен шөпке берілетін субсидия 1 миллиард 190 миллионды құрайды. Бірақ, әзірге қаржы қашан бөлінетіні белгісіз. Әрі кімге қанша ақша бұйыратыны да қаражат облыс бюджетіне түскен соң ғана анықталады.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
384
-
0
-
0
-
-
2🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
411
-
0
-
2
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
324
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
303
-
0
-
0
-
-
5💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
274
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
264
-
0
-
0
-
-
7🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
244
-
0
-
0
-
-
8☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
253
-
0
-
0
-
-
9👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
199
-
0
-
0
-
-
10🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
192
-
1
-
2
-