Жамбыл облысындағы балабақшада бүлдіршінді 19 жерінен тістеп тастаған

Бүлдіршіннің ата-әжесі басшылықтың жұмыстан кетуін талап етіп отыр.

Жамбыл облысында балабақшадағы бүлдіршін топтағы баланы 19 жерінен қанжоса етіп тістеп тастаған. Ата-аналар бұл жағдайдың жиі қайталануына алаңдап отыр, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Бір саусағын тырнағына дейін шайнап тастаған. Сөйтіп жалпы он тоғыз жерінен тістеген. Байқұс шырылдап жылағанда бір адам келмеген", – деді Еркеназдың атасы Байқадам Битөреев. 

Астанаға барып ем алған екі жасар Еркеназға дәрігерлер "неврологиялық стресс алған" деген диагноз қойған. Әжесі күні бойы қараусыз қалдырған тәрбиешілерге ашулы. Басшылықтың жұмыстан кетуін талап етіп отыр. 


Оқи отырыңыз: Білім министрі жеке балабақшалар туралы: 25 балаға – күні бойы жалғыз тәрбиеші


"Әрине, орнынан кетуі керек. Бұл деген масқара ғой, бетін жаба береді. Бала шошынып жылайды, түнімен ұйықтаған жоқ", – деді Еркеназдың әжесі Науат Дүкенбайқызы. 

Балабақшадағы бүлдіршіннің басқа балалардың тістеуге құмар екенін басшылық та мойындап отыр. 

"Бұл екінші жағдай. "Баланың грыжасына операция жасату керек" деп айттық. Одан кейін мақұл деп кеткен. Бала үлкен-кіші дәретке отырған кезде мазасызданады", – деді "Қарлығаш" балабақшасының меңгерушісі Балауса Әліманқызы. 


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Енді барлық балабақшада міндетті түрде бейнекамера болуы керек


Ауданнан келген басшылар тәрбиешінің жұмыс орнында болмау себебін анықтайтынын мәлімдеді. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары