Балабақшалардың 80 пайызы тексерістен өте алмаған.
2011 жылдары балаларды балабақшамен қамту көлемін арттыру үшін бақылаулар алынып тасталған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Еуразия" бірінші арнасының "Айна" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Тексеру болған жоқ. Балабақшаларға деген барлық талап төмендетіліп тастады. Өйткені шағын бизнес, "балабақшаларды көбейту керек", "оған ешқандай кедергі болмау керек" деген принципті ұстанды. Қазір қамту көрсеткіші көп болғандықтан, алдымызда тұрған ең басты мәселе – сапа", – деді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Білім министрі жеке балабақшалар туралы: 25 балаға – күні бойы жалғыз тәрбиеші
Министр жуырда жаңа бұйрыққа қол қоятынын, онда балабақшаларға қойылатын талаптар туралы жазылғанын ескертті.
"Жекеменшік балабақшалар мұнымен келіспей жатыр. "Бұл біздің бизнесіміз" дейді. Әрине, бұл бизнес. Біз бизнестің дамығанын қолдаймыз, бірақ біз бір мәселені түсінуіміз керек. Бізге не керек? Бізге балалардың сапалы білім, сапалы тәрбие алуы керек. Балалардың қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Сондықтан біз бәрін түсінеміз, бірақ талартарды қатайтамыз. Барлық балабақшаларда міндетті түрде бейнекамера болуы керек", – деп толықтырды министр.
Асхат Аймағамбетов өткен жылдың соңында балабақшаларға тексеру жүргізу қайта қолға алынғанын атап өтті. Нәтижесінде балабақшалардың 80 пайызы тексерістен өте алмаған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-