Қалалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
Жезқазған перинаталды орталығында дүниеге келген Гүлзия Тілепованың тұңғышы 10 күннен соң ұйқысынан оянбады. Салмағы 2,5 келі болып туған сәбиге салмақ қосу үшін перзентхана дәрігерлері сүт қоспасын беруге шешім қабылдаған. Алайда бұл сүт қоспасының мерзімі өтіп кеткен, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Гүлзия Тілепованың айтуынша, балаға перзентхана дәрігерлері берген сүт қоспасының мерзімі 2 желтоқсанда-ақ аяқталған. Осыдан кейін бала мазасызданып, іші өткен. Кейін аузы-мұрнынан қан кетіп, 25 желтоқсан күні ұйқыдан оянбай қалған.
"Медиктердің салақтығы бұл. Мұндай жағдайды жоғары жақтағылар естісе дейміз. Шара қолданғанын қалаймыз. Бізден басқа да ата-аналар бар, олар да балаларының ауырып жатқанын айтып жатыр", – дейді баланың әкесі Айдын Рақымбеков.
Оқи отырыңыз: "Бала үшке толғанша анасы қасында болуы керек". Декрет демалысын ерте үзу неге дұрыс емес?
Перинаталды орталық басшылығы балаға берілген сүт қоспасының мерзімі өтіп кеткенін растап отыр. Бірақ, баланың өліміне сүт қоспасының себеп болғанын анықтау қажет екенін айтады.
"Ананың денсаулық жағдайының қолайсыз фонын және инфекциялық процестің оң зертханалық деректерін ескере отырып, науқас туғаннан бастап антибиотикалық терапия алған. Емдеу аясында баланың жағдайы жақсармаған, салмақтың патологиялық төмендеуі байқалған және ананың гипогалактиясын ескере отырып, аралас тамақтандыру тағайындалған. Осыған қарамастан, салмақта оң динамика болмаған, бала өмірінің 9-күні парентеральды тамақтану қосылған", – дейді Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасының неонатолог дәрігері Айнұр Бейсекова.
Қазір перзентханада мерзімі өткен қоспаның нәрестелердің денсаулығына қалай әсер еткені анықталып жатыр. Ал облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшылығы жауапты перзентхана қызметкерлерінің заң аясында жауап беретінін мәлімдеді.
Сәбидің шетінеуіне қатысты қалалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу бастаған. Бала өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптамасының нәтижесіне сай анықталады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-