Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 миллион теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлаған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
"Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды. Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады.