Тікелей эфир

"Жеткізу шығындарына байланысты қымбаттайды". ШҚО-да неге АИ-95 бензині сатылмағаны белгілі болды

Жалпы облыс бойынша 157 ЖҚС жұмыс істейді, олардың қорында АИ-92 маркалы бензиннің – 7,8 мың тоннасы, АИ-95 – 2 мың тоннасы бар.

Шығыс Қазақстанның кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің уақытша сатылмауы логистикамен байланысты.
Яғни Павлодар және Шымкент мұнай-химия зауыттарында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ЖЖМ жеткізуге өтінімдер Атырау МӨЗ-не жіберілді, деп хабарлады ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі. 

Елдің батысынан шығысына жанар-жағармай жеткізу шамамен екі аптаға созылады. Басқарма мәліметіне сәйкес, автожанармай құю станцияларына сұранысқа ие отын түрін жеткізуде кідірістердің туындауына дәл осы жағдай себеп болған.

"Жанармай құю станциясының иелері жеткізу шығындарына байланысты АИ-95 маркалы бензиннің бағасын көтеруі мүмкін, өйткені бұл реттелмейтін отын түрі. Бүгінгі таңда ЖЖМ барлық жанармай құю станцияларына жеткізілді. Отын тапшылығы жоқ", – деді басқармадағылар. 


Оқи отырыңыз: Биыл құс еті 27% көп өндірілсе де, бағасы 11 пайызға қымбаттаған


Жалпы облыс бойынша 157 ЖҚС жұмыс істейді, олардың қорында АИ-92 маркалы бензиннің – 7,8 мың тоннасы, АИ-95 – 2 мың тоннасы, дизель отынының 3,7 мың тоннасы бар. АИ-92 маркалы бензиннің бағасы литріне 200-205 теңгеге дейін, АИ-95 – 224-254 теңге арасында сатылып жатыр. Ал дизель отынының литрі 295 теңге тұрады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары