Биыл қаңтар-маусымда 70,7 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған құс еті өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,1% артық. Мұнымен қатар 63,2 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы мерзімнен 1,8% аз, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Жаңа сойылған құс етін өндіруден көшбасшылар:
- Ақмола облысы – 27,7 мың тонна (бір жылда 30,2% өскен);
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Алматы облысы.
Мұздатылған құс етін өндіруден көшбасшылар:
- Алматы облысы – 27,2 мың тонна;
- Ақмола облысы;
- Абай облысы.
Оқи отырыңыз: Бір жылда сергітетін газдалмаған сусын 35% қымбаттады
Жалпы 2022 жылы елімізде 121,2 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған құс еті (бір жылда 7,8% өскен) және 120,8 мың тонна мұздатылған құс еті (4,9% азайған) өндірілді.
Биыл қаңтар-мамырдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар құс еті және тағамдық субөнімдерге сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 73,5% қамтамасыз етті, бір жыл бұрын көрсеткіш 72,2% болған.
Импорттың үлесі – 26,5%. Қазақстан 49,1 мың тонна құс еті мен тағамдық субөнімдер импорттаған – былтырғымен салыстырғанда 5,7% артық. Бұл ретте экспортқа 14,1 мың тонна жөнелтілді, 2,8 есе өскен.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында тауық еті бір жылда 56 пайыз қымбаттады
Ішкі нарықта құс еті мен тағамдық субөнімдерді сату 5,9% өсіп, 171,5 мың тоннаны құрады.
Биыл маусымда құс етінің бағасы бір жылда 10,8% өсті. Оның ішінде тауық еті – 13,9%, тауықтың саны – 6%, тауықтың төсі – 18,2%, жамбас және сирағы – 18,6% қымбаттады.
Құс еті ең қымбат өңірлер:
- Павлодар облысы – 23,6%;
- Батыс Қазақстан облысы – 23,3% өсті;
- Қостанай облысы – 19,6% .
Керісінше құс еті ең арзан өңірлер:
- Маңғыстау облысы – 0,6% қымбаттады;
- Ақтөбе облысы – 2,8% арзандады;
- Түркістан облысында – 2,8% арзандады.