Бүгін сағат 11:11-де Жетісу облысында жер сілкінді. Оның ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.7. Магнитудасы MPV — 5.4.
Жер сілкінісінің қуаты:
- Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 2 балл;
- Жетісу облысы, Текелі қаласы – 2 балл;
- Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы – 2 балл.
"Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар тіркелмеді", – делінген министрліктің хабарламасында.
Жер сілкінісі кезінде орындалуы тиіс шарттар:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

