USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Жетісу облысында өзеннен аспалы темір арқан арқылы өтпек болған ер адам суға кетті

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Ер адам әлі табылмады.

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Көксу ауылының маңында өзеннен аспалы темір арқан арқылы өтпек болған 36 жастағы ер адам суға ағып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға 10 мамырда болған. Күшін сынап көрмек болған жігітті таныстары бейнежазбаға түсіріп тұрған.

"Ол Көксу өзеніне құлап кетіп, қатты ағыс ағызып әкеткен. 11 мамыр таңғы сағат 06:30-дан бастап ТЖД, орман күзеті, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерін тарта отырып, ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды", – делінген хабарламада.

Барлығы 98 адам және 22 бірлік техника, оның ішінде жүзу құралдары, дрондар және спутниктік байланыс жұмылдырылған. Олар Көксу өзенінің екі жағалауында ұзындығы 35 км-ге дейінгі учаскеде сегіз топ болып іздеу жүргізген. Алайда ер адам әлі табылмады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау