Тікелей эфир

Жемқорлықпен күрес: Енді заңсыз сыйақы берушілер де жауапқа тартылады

Ірі көлемде сыйақы берген мемлекеттік қызметкер 3 жыл бас бостандығынан айырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексіне заңсыз сыйлық берушілерге жауапқа тарту бойынша жаңа бап енгізуді қарастырып отыр.

"Заңсыз сыйақының мәні тек материалдық сыйақы, жеңілдіктер немесе мүліктік сипаттағы қызметтер ғана емес, сонымен қатар мүлікке құқық болуы мүмкін (ҚК-нің 253-бабына ұқсас ("Параға коммерциялық сатып алу")). Осыған байланысты, ҚК-нің 247-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына тиісті өзгеріс енгізу ұсынылады" делінген агенттіктің түсіндірме жазбасында.

Қылмыстық кодекске енгізілетін жаңа бапқа сәйкес, мемлекеттік орган не мемлекеттік ұйымның қызметкерлері заңсыз материалдық сыйақы, жеңiлдiктер не мүлiктiк сипаттағы қызметтерді, мүлікке құқықты берген жағдайда оған 80 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынады, болмаса 20 тәулікке қамалады.

Егер мұндай әрекетті тағы қайталаса, айыппұл мөлшері 120 айлық есептік көрсеткішке өседі.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады


Сондай-ақ, жаза түрі заңсыз берілген сыйақының сомасына да байланысты өзгеретін болады. Айталық, ірі көлемдегі сыйақы берген адамға 3 мың АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынып, өмір бойы лауазымды қызмет атқарудан шектеледі. Болмаса, үш жыл бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Құжатты жария талқылау мерзімі – 17 шілдеге дейін.

Серіктестер жаңалықтары