Тікелей эфир

Жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы заң неге қабылданбай жатыр?

Ерлан Саиров 5 ай өтсе де, банкроттық туралы заңның неге қабылданбай жатқанын түсіндірді.

PapaerLab агенттігінің зерттеуінше, Қазақстанда бір басында үш несиесі бар азаматтардың саны көбейіп барады. Бірінші кезекте бұл әлеуметтік жағдайдың төмендеуімен байланысты. Осы орайда, парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров арада 5 ай өтсе де, жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы заңның неге қабылданбай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Біріншіден, бұл заң үкіметтен мәжіліске кешігіп келді. Екіншіден, заң мәжілістің әртүрлі құрылымында талқыланып жатыр. Бірақ үкімет жіберген бірнеше шикілік бар. Сол шикіліктің барлығын орнына қойып, азаматтардың құқығын сақтауға белгілі бір тетіктер болуы үшін мәжіліс депутаттары үкіметпен бірге осы жұмыс аясында жан-жақты жұмыс істеп жатыр", – деді Ерлан Саиров. 

Ары қарай ол банкроттық туралы заңға банктер мен микронесиелік ұйымдардың қарсы болуы ықтимал екенін айтты. 


Оқи отырыңыз: "Мен – банкротпын": Қандай жағдайда қарызды қайтармауға болады?


"Осы микронесие ұйымдары азаматтарымызды қарыз қақпанына түсіріп, одан шығармаудың әртүрлі амалын жасайды екен. (...). Қазірдің өзінде депутаттар бұл заңның өте жеңіл әрі азаматтардың құқығын қорғауға бағытталуы үшін күресіп жатыр. Ал заң қабылданған соң қандай да бір қиындықтар болса, онда қайта өзгеріс енгізу қиын емес", – деді депутат. 

Ерлан Саиров қазір мәжілісте қаралып жатқан заңның келесі сессия барысында сенатқа жіберілуі ықтимал екенін айтты. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары