Тікелей эфир

Зейнеткерлерге коммуналдық қызмет үшін материалдық көмек көрсетіле ме?

Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетілетіндігі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

"Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті бұл – ақпарат жалған", – деп жазылған хабарламада. 

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылған.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығында тапсыруға болады.


Оқи отырыңыз: Зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер бар? Маңызды 8 сұраққа жауап.

Серіктестер жаңалықтары