Тікелей эфир

Зейнетақы жинағымен ипотекаға алған пәтерді 5 жылды күтпей қалай сатуға болады?

Отбасы банкінің өкілі 5 жылдық мораторий қандай жағдайда қолданылмайтынын түсіндірді.

Отбасы банкінің ресми өкілі Наталья Кутлина Informburo.kz сауалына берген жауабында зейнетақы жарнасын қолданып сатып алған пәтерді қандай жағдайда 5 жылға дейінгі мерзім ішінде сатуға болатынын түсіндірді. 

Банк өкілінің айтуынша, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 21 қаңтардағы №24 заңнамасы бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесінің 11-тармағына сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып меншікке рәсімделген жылжымайтын мүлікті қарызы толық өтелмеген азаматтар иеліктен шығара алмайды. 

"Егер 2021 жылғы 23 қаңтардан кейін өтеу мерзімі 5 жылдан асатын ипотекалық займ рәсімделіп, алғашқы жарна ретінде БЗТ пайдаланылса, бұл тұрғын үйді 5 жыл ішінде иеліктен шығаруға рұқсат жоқ. Алайда ипотекалық займды өтеу мерзімі тура 5 жыл немесе одан кем болса, тұрғын үйді иеліктен шығаруға қатысты шектеу жоқ", – деп түсіндірді Наталья Кутлина. 


Оқи отырыңыз: Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді 


Мұнымен қатар, ол тұрғын үйді өтініш беруші БЗТ мен өз қаражатына ипотекаға рәсімдемей сатып алған болса, пәтерді иеліктен шығаруға қатысты ешқандай тыйым болмайды. 

"Егер тұрғын үйдің алғашқы жарнасы өтініш берушінің жеке қаражаты есебінен төленіп, қалған ипотекалық қарызын ішінара немесе толық өтеуге БЗТ пайдаланылса, тұрғын үйді иеліктен шығару бойынша шектеулер жоқ", – деп қосты банк өкілі. 


Оқи отырыңыз: "Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады


 

Серіктестер жаңалықтары