Тікелей эфир

Жазушы Роза Мұқанованың "Сарра" драматургиялық шығармалар жинағы жарық көрді

Кітап "Фолиант" баспасынан 22 баспа табақпен басылып шықты.

2021 жылы 17 қарашада Абай атындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының, Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының иегері, қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Роза Мұқанованың "Сарра" атты драматургиялық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді.

Кітап қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның қолдауымен "Фолиант" баспасынан 22 баспа табақпен жарық көрді.

"Сарра" жинағына әдеби қауым мен көрермен жоғары бағалаған "Мәңгілік бала бейне", "Сен", "Мысықтар патшалығы секілді шығармалармен қатар, бұрын жарияланбаған "Сарра", "Фариза", "Ешкім де кінәлі емес" атты психологиялық драмалары енген. Жалпы саны – 10 шығарма. Сондай-ақ, оқырман қауымға драматургтің орыс ("Фариза", "Ешкім де кінәлі емес") және ағылшын ("Мәңгілік бала бейне") тілдеріне аударылған шығармалары да ұсынылып отыр. Жазушы, драматург Роза Мұқанованың бұл жинаққа енген шығармалары қазақ театрларының сахнасында қойылып, мамандар мен көрермен тарапынан жоғары бағаға ие болды. Кітаптың тұсаукесерінде осы шығармалар бойынша қойылған спекталькдерден монологтар оқылады", – делінген хабарламада. 

Тұсаукесер Нұр-Сұлтан қаласындағы қазақ ұлттық өнер университетінің № 238 аудиториясында өтеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары