USD: 473.1 / 476.1
  • EUR: 549.0 / 554.0
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Жазушы Мұхтар Шахановтың қырық күндік асы Алматыда беріледі

Ас 30 мамырда сағат 13.00-де басталады.

Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 40 күндік асы Алматыда 30 мамырда сағат 13.00-де Triumph Hall мейрамханасында беріледі. Асты Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Бұл туралы жазушы Құдияр Біләл хабарлады. 

"Әне-міне дегенше Мұхтар ағамыздың дүниеден озғанына да зу етіп 40 күн өте шықты. Соған орай Шымкент қаласының әкімдігі Мұхаңның рухына бағыштап Алматы қаласында ас бермек. Қазақтың бір туар даңқты перзентін Алматы қаласының әкімдігі мен Жазушылар одағының Басқармасы арулап шығарып салса, Шымкент қаласының әкімдігі 40 күндік асын беруді ұйғарып отыр. Оның да өзіндік орны бар. Мұхаңның жастық дәуірі осында өткен. "Шымкенттің қаласы, Жастардың қаласы…" Мұхтар ағамыз әніне арқау болған. Қала көшелерінде ізі қалған", – деп жазды жазушы әлеуметтік желідегі парақшасында

Құлақтандыру жазушы Құдияр Біләлдің парақшасынан алынды

Еске салайық, ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов биыл 19 сәуірде өмірден өтті. Ол Түркістан облысында Арыстан баб кесенесі маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз