Тікелей эфир

"Жазда студенттерге шәкіртақы төленбейді". Министрлік ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде студенттерге жаз айларында шәкіртақы төленбейтіні туралы ақпарат тарап жатыр.

WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия төлеу тоқтатылатыны туралы ақпарат тарады. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.

Министрліктің хабарлауынша, "Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Үкімет қаулысына ешқандай өзгеріс енгізілмеген.

"ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары