Тікелей эфир

Президент стипедиясы қай оқу орындарына бөлінді?

Еліміз бойынша барлығы 55 жоғары оқу орнына бөлінді.

Биыл президент стипендиясы 1005 студент пен 7 магистрантқа беріледі. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Президенттің 2023 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы" бұйрыққа қол қойды. Бұйрық 5 маусымнан бастап күшіне енді.

Стипендия еліміз бойынша барлығы 55 жоғары оқу орнына бөлінді. 

Президент стипедиясы бөлінген оқу орындары:

  •  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – бакалавриат – 100, магистратура – 2;
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - бакалавриат – 94, магистратура – 2;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті -бакалавриат – 94;
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университет - бакалавриат – 2;
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті - бакалавриат – 5 магистратура – 1;
  • Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті - бакалавриат – 7;
  • Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті - бакалавриат – 30;
  • А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті -бакалавриат – 55;
  • Торайғыров университеті - бакалавриат – 20;
  • Павлодар педагогикалық университеті - бакалавриат – 21, магистратура – 1;
  • Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті - бакалавриат – 27;
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті - бакалавриат – 4;
  • Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті - бакалавриат – 34;
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті - бакалавриат –12, магистратура – 1;
  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті - бакалавриат – 13;
  • Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті - бакалавриат – 8;
  • Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті - бакалавриат – 11;
  • Қарағанды индустриялық университеті - бакалавриат – 2;
  • Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi - бакалавриат – 47;
  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті - бакалавриат – 34;
  • М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi - бакалавриат – 60;
  • Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті - бакалавриат – 20;
  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті - бакалавриат – 11;
  • М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті - бакалавриат – 25;
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті - бакалавриат – 25;
  • Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті - бакалавриат – 2;
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті - бакалавриат – 4;
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті - бакалавриат – 2;
  • КИМЭП университеті - бакалавриат – 25;
  • Нархоз университеті - бакалавриат – 3;
  • Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті - бакалавриат – 7;
  • Алматы технологиялық университеті - бакалавриат – 16;
  • Алматы менеджмент университеті - бакалавриат – 4;
  • Халықаралық білім беру корпорациясы - бакалавриат – 35;
  • "Туран-Астана" университеті - бакалавриат – 2;
  • "Туран" университеті - бакалавриат – 15;
  • Сулейман Демирель атындағы университет - бакалавриат – 30;
  • Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті - бакалавриат – 2;
  • Астана халықаралық университеті - бакалавриат – 4;
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт - бакалавриат – 18;
  • Еуразия гуманитарлық институт - бакалавриат – 5;
  • Логистика және көлік академиясы - бакалавриат – 1;
  • Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті - бакалавриат – 4;
  • Халықаралық бизнес университеті - бакалавриат – 12;
  • Тараз халықаралық инновациялық университеті - бакалавриат – 3;
  • Қазақ технология және бизнес университеті - бакалавриат – 2;
  • "Қазақ спорт және туризм академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы - бакалавриат – 1;
  • Каспий қоғамдық университеті - бакалавриат – 3;
  • Alikhan Bokeikhan University - бакалавриат – 12;
  • Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті - бакалавриат – 14;
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті - бакалавриат – 4;
  • Шымкент университеті - бакалавриат – 5;
  • Қазақстан-Американдық еркін университеті - бакалавриат – 4;
  • А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті - бакалавриат – 4;
  • Қазақстан-Неміс университеті - бакалавриат – 1.
Серіктестер жаңалықтары