Тікелей эфир

Жауын-шашын, көктайғақ: Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде Қазақстанда көктайғақ болып, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең тұман түседі.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр және бұрқасын түріндегі жауын-шашын күтілуде. 12 қазанда батыста, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. Республикада көктайғақ, екпінді жел, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыста ауа температурасы түнде -3...+8, күндіз 4-15 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 0-10 градусқа дейін төмендесе, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз болады. Күндіз 7-15 градусқа дейін жылынады.


Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер.


 

Серіктестер жаңалықтары