USD: 471.9 / 474.9
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

"Жастар ғана белсенді". Үнзила Шапақ жасанды интеллектіні қоғам өміріне ендіру туралы

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда IT-хабтар, зерттеу орталықтары, стартаптарды қолдау алаңдары, экожүйелер қалыптасып келеді.

Қазақстанда цифрландыру экономиканың, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік салалардың дамуындағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Соңғы жылдары елде цифрлық қызметтерді кеңейту, жасанды интеллект технологияларын енгізу, инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру және жоғары технологиялық салаларды дамыту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Цифрлық шешімдер халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, өндіріс, білім беру, медицина және бизнес салаларындағы процестерді тиімді етуге мүмкіндік берді.

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ жасанды интеллект жөніндегі заң жобаларын жасауға атсалысты. Оның айтуынша, жасанды интеллект дегеніміз ақпараттық-коммуникациялық технология, бірақ ол өз кезегінде құқықтық субъект бола алмайды. Бұл технология интеллектуалды міндеттерді орындау, шешімдерді іздеу мақсатында қолданылады. 

"Мен "Жасанды интеллект туралы заңның" авторларының бірімін. Қазақстанның "Цифрлық кодексін" де қабылдадық. Ол кодексті жасауға да бастама көтердім. Цифрлық кодекс осы платформада жұмыс істеуді реттейді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект туралы Жолдауында да, мінберден сөйлеген сөздерінде де жиі айтып жүр. Жасанды интеллект біздің өмірімізге еніп кетті. Оны жоққа шығара алмаймыз. Тек жасанды интеллектіні қабылдайтын әлеуметтік топтардың қазір қабылдау деңгейі әртүрлі. Жастар заманауи технологияларды өте ұшқыр қабылдап, заман ағымына ілесіп кетіп жатыр. Ал егде жастағы азаматтар немесе орта буын өкілдері өзінің табиғи болмысына байланысты кішкене кешеуілдеп қабылдап жатыр. Ал ойланып отырғанда қоғам алға жылжып жатыр. Сондықтан да өміріміздің барлық саласына жасанды интеллектіні бейімдеуіміз керек. Себебі, цифрлық платформа қоғам өмірінің, мемлекеттік басқарудың әр саласында бар", – деді заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ.

Цифрландыру аясында елімізде IT-хабтар, зерттеу орталықтары, стартаптарды қолдау алаңдары мен цифрлық экожүйелер қалыптасып келеді. Мұндай орталар жас кәсіпкерлерге жаңа жобаларын жүзеге асыруға, отандық технологиялық өнімдерді дамытуға және халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Деректерді қорғау, ақпараттық шабуылдардың алдын алу және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мәселесі де өзекті бола түсті.

Жасанды интеллект технологияларын пайдалану – Қазақстанның технологиялық жаңғыруындағы маңызды қадамдардың бірі. Бүгінде жасанды интеллект шешімдері деректерді талдау, автоматтандыру, қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында қолданылып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, жасанды интеллектіні дамыту үшін әртүрлі салаға тек технологияны енгізу жеткіліксіз. Оған қоса осы салада мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді қолдау және этикалық стандарттарды қалыптастыру маңызды болып отыр.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау