Тікелей эфир

Жас педагогтерді мамандыққа қалай баулу қажет? Министр жауабы

Жаңа оқу жылында жас педагогтерді мамандыққа баулу бағдарламасы енгізіледі.

Жаңа оқу жылында жас мамандарды мамандыққа баулу бойынша жоба басталады, деп мәлімледі Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматыда өтіп жатқан "Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм" атты форумда.

"Жыл сайын 10 мың педагог жұмысқа жаңадан кіреді. Олардың басында үлкен қиыдықтарға тап болатынын байқадық. Сол себепті жетекші институтын енгіздік. Олар ай сайын сол жетекшілік қызметі үшін қосымша ақы алатын болады. Енді қыркүйек айынан бастап оларға арнайы курстарды бастаймыз. Педагог-шебер немесе педагог-зерттеушіні жетекші қылып бекіту басқа да, сол мұғалімнің жас маманға қандай көмек көрсету керек екенін білуі – басқа нәрсе. Сондықтан жас маманға, жетекшіге, директор мен оның орынбасарларына арналған әдістеме болуы керек. Біз сол әдістемені бекіттік", – деді Асхат Аймағамбетов.


Оқи отырыңыз: "Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін". 25 жыл тәжірибесі бар педагогтерге Құрмет белгісі беріледі


Министр халықаралық тәжірибеде жас маманның алғашқы уақытта жүктемесі аз болатынын айтты. Алайда бізде жағдай басқаша екенін жеткізді.

"Бізде төлем сағатқа байланысты жасалғандықтан, университетті жаңа ғана бітіріп келген әріптесімізге бір жүктемеден бастап, бір жарым жүктемеге дейін үйіп-төгіп беруге мәжбүрміз. Халықаралық тәжірибедегі сияқты аз ғана жүктеме беріп, оның сабақ беруді үйренуіне, lesson study, action research үшін әріптестерімен уақыт өткізуіне мүмкіндік бермейміз", – деді министр.

Асхат Аймағамбетов енгізіп жатқан реформалар жас педагогтерге еңбекақысын жоғалтпай-ақ, аудиториялық жүктемені азайту есебінен, мамандыққа енуіне көмектесетінін айтады. Айтуынша, бағдарлама жас мамандарды педагог ретунда ұстап қалуға мүмкіндік беруге тиіс.


Оқи отырыңыз: Педагогикалық диплом мектептке жұмысқа тұруға кепілдік емес


 

Серіктестер жаңалықтары