Тікелей эфир

Жапониядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 62-ге жетті: аралда кішігірім дүмпулер жалғасуда

1 қаңтарда күндіз Ното түбегінде алдын ала 7,6 балдық жер сілкінісі болды.

Жапонияда болған күшті жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 62 адамға жетті. Бұл туралы Reuters хабарлады.

1 қаңтарда күндіз Ното түбегінде алдын ала 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Қираған жолдар, зақымдалған инфрақұрылым және ең қатты зардап шеккен аудандардың шалғай орналасуы құтқару жұмыстарын қиындатып жіберді. Жер сілкінісінен кейін екі күн өткен соң шығын мен зардап шеккендердің толық көлемі әлі белгісіз болып қалуда. 3 қаңтарда жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Бұл көшкін қаупін арттырып, үйінділер астында қалған көптеген адамдарды босату әрекеттерін одан әрі қиындатуы мүмкін.


Оқи отырыңыз: Түркияда бірнеше жер сілкінісі болды


Қала мэрі Масухиро Идзумия жер сілкінісінің ошағына жақын орналасқан 5000-нан сәл астам халқы бар Сузу қаласында билік 72 көмек шақыруларына жауап бере алмағанын айтты. Билік 62 адамның өлімін растады. Бұл – Жапониядағы кем дегенде 2016 жылдан бергі ең көп адам өліміне әкелген жер сілкінісі болды.

"Жер сілкінісінен бері 40 сағаттан астам уақыт өтті. Үкімет көмек жеткізу үшін теңіз жолын ашты. Кейбір үлкен жүк көліктері енді ең нашар зардап шеккен аудандарға жете алады", – деді Жапония премьер-министрі Фумио Кишида.

Түбекте шағын жер сілкінісі тоқтамайды. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үйінді астында қалғандарды іздеуді жалғастыруда.

Серіктестер жаңалықтары