Тікелей эфир

Түркияда бірнеше жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулері Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса провинциясында тіркелді.

Мәрмәр теңізіндегі Гемлик шығанағында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Табиғи апаттарды басқару және төтенше жағдайлар басқармасына (AFAD) сілтеме жасап Anadolu ақпарат агенттігі хабарлады.

Жерасты дүмпулері Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса провинциясының Муданья ауданының жағалауынан 4,73 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша 10:42-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 8,98 км тереңдікте болды.


Оқи отырыңыз: Түркия мен Сирияда жер сілкінісі құрбандары 20 мыңнан асты. Соңғы жаңалықтарға шолу


Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:45-те дәл осы ауданда магнитудасы 4,5 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Серіктестер жаңалықтары