"Қазгидромет" РМК 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр күтіледі, кей жерлерде тұман түседі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +7…+13°, күндіз +20…+27°.
Батыс өңірлерде – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерде бұршақ пен қатты жел болады деп болжанып отыр. Түнде +15…+23°, күндіз +25…+31° болады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста – Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында негізінен жауын-шашынсыз, бірақ Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болады. Күндізгі ауа температурасы +30…+37° дейін жетеді. Таулы аймақтарда салқындау – +18…+22°.
USD:
503.5 / 507.5
EUR:
588.5 / 593.5
RUB:
6.51 / 6.63