Батыс Қазақстан облысында метанол өндіретін газ-химия кешені салынады

Қазіргі таңда еліміз метанолды шетелден импорттауға мәжбүр.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясында өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 8-ші отырысында "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ еншілес ұйымы "Baiterek Venture Fund" АҚ, қытайлық құрылыс компаниясы "XINJIANG SANBAO INDUSTRY GROUP CO., Ltd." және "Zhaik Petroleum Ltd" ЖШС арасында "Батыс Қазақстан облысында метанол өндірісі бойынша газ-химия кешенін салу" инвестициялық жобасын іске асыру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ баспасөз қызметі. 

Фото: Qazaqstan Investment Corporation

 

"Газ-химия кешенін пайдалануға беру Батыс Қазақстан облысының өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 10%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 467 жаңа жұмыс орны құрылады, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей оң әсер етеді. "XINJIANG SANBAO INDUSTRY GROUP CO., Ltd." компаниясы жаңа газ-химия кешені құрылысындағы технологиялық серіктес болады", – делінген хабарламада. 

Жоба Қазақстан Республикасының Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. Ол жүзеге асса, Қазақстанда метанол импортын алмастырады. 

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз