25 қыркүйекте Қазақстанның 17 облысы мен Астанада қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада солтүстік-шығыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің бір бөлігінде жоғары, кей жерлерінде төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысында тұман түсіп, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Көкшетауда да жел күшейеді. Облыстың кей аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавлда да тұман түсіп, күндіз жел күшейеді.
Қарағанды облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды қаласында да жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өскеменде де тұман күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тұман түсіп, жел күшейеді. Сонымен қатар түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыста төтенше, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда және Қонаевта да төтенше өрт қаупі жарияланған. Іле Алатауының таулы аймақтарында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында және Талдықорғанда төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің бірқатар ауданында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңір бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күн соңында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазғанда да желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.