Жаңбыр, найзағай, бұршақ: синоптиктер 10 қыркүйекке арналған ауа райын болжады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда бүгін +36 градусқа дейін ыстық болады.

Қазақстанда 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын синоптиктер ұсынды. Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, кей жерлерде ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Батыс және жекелеген оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, тұман, шаңды дауыл және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Ақтөбеде бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +17...+19°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +22...+24°C.

Атырауда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +32...+34°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +23...+25°C.

Қызылордада көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.

Павлодарда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +30...+32°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +26...+28°C.

Семейде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +31...+33°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +32...+34°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +34...+36°C.

Оралда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +14...+16°C.

Өскеменде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +30...+32°C.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау