Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бірқатар өңірлерде түнгі уақытта үсік жүру қаупі бар.

"Қазгидромет" 27 сәуірге Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Астана қаласында кей уақыттарда тұман түсіп, түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Алматыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

Шымкентте желдің жылдамдығы күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Бірқатар өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр. Атап айтқанда, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен бұршақ күтілсе, Жамбыл облысында желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысы мен Маңғыстау облысында шаңды дауыл болжанса, Батыс Қазақстан облысында бұршақ аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Сондай-ақ бірқатар өңірлерде түнгі уақытта үсік жүру қаупі бар. Мысалы, Ақмола облысы, Қостанай облысы және Павлодар облысында топырақ бетінде 1–3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз