Қазақстанда 2026 жылғы қажылыққа дайындық: негізгі талаптар бекітілді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстандық қажылар үшін қауіпсіздік пен тәртіп күшейтіледі.

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тапсырмасымен 2026 жылғы қажылықты ұйымдастыруға арналған кеңейтілген онлайн жиын өтті, деп хабарлайды ҚМДБ.

Жиында биылғы қажылық сапарының басты мақсаты – отандастар үшін рухани мазмұны жоғары әрі ұйымдастыру жағынан мінсіз сапар өткізу екені атап өтілді. Қауіпсіздік пен тәртіп мәселелері басты назарда болды.

"Қажылықты ұйымдастыруға рұқсат алған туроператорларға Қазақстан және Сауд Арабиясы тарапынан қойылатын талаптар түсіндірілді. Атап айтқанда, әрбір қажы елден тек ресми туркод арқылы шығуға тиіс. Бұл заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстан квотасын пайдаланып, өзге ел азаматтарын қажылыққа апарғандарға заңды шаралар қолданылатыны ескертілді. Қажылық сапарын тек мемлекеттік лицензиясы және ҚМДБ рұқсаты бар компаниялар ғана ұйымдастыра алады. Бұл қажылардың құлшылығын жүйелі әрі қауіпсіз жағдайда өткізуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Жиында қажыларға арналған Qajy Guide мобильді қосымшасы таныстырылды. Бұл қосымша сапар барысында ақпараттық және техникалық қолдау көрсетуді жеңілдетеді. Сондай-ақ, міндетті вакцинация мен денсаулық сақтау талаптарының орындалуы қатаң бақылауда болады.

Кездесу соңында туроператорлардың ұсыныстары тыңдалып, ұйымдастыру жұмыстарына енгізілетіні айтылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз