Тікелей эфир

Жаңа фунт стерлинг: Елизавета патшайымның орнына – үшінші Карл

Ұлыбритания жаң банкноттарды биыл маусымда шығарады.

Ұлыбританияның ұлттық валютасы – фунт стерлингтің банкноттары биылғы маусым айынан бастап өзгереді. Енді ондағы көзге үйреншікті ІІ Елизавета патшайымның суретінің орнына Ұлыбританияның қазіргі королі III Карлдың суреті болады. Бұл туралы Euronews хабарлады. 

Бірақ, III Карл суреті барлық купюраларда болмайды. Ол үшін құны 5, 10, 20 және 50 фунт стерлинг болатын банкноттар таңдап алынған. Сондай-ақ, ескі купюралар да айналымда қала бермек. 

III Карлдың суреті бейнеленген банкноттардың алғашқы партиясы аукцион арқылы сатыпы, одан түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалады, деп жазады басылым. 


Оқи отырыңыз: Тақ үстіндегі 70 жыл: Екінші Елизавета патшайым өмірінен ең маңызды деректер


 

Серіктестер жаңалықтары