Жамбылда дрифт жасап, отшашу атқан азамат қамауға алынды

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Азамат тұрғындардың тыныштығын бұзып қана қоймай, жол инфрақұрылымына зақым келтіру қаупін туындатқан.

Жамбыл облысында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жазаланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында бейнебақылау камераларының көмегімен түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзған азамат анықталды. Ер адам орталық көшелердің бірінде көлікпен қауіпті дрифт жасап, қоғамдық орында отшашу атқан. Бұл әрекеттерімен ол тұрғындардың тыныштығын бұзып қана қоймай, жол инфрақұрылымына зақым келтіру қаупін туындатқан.

"Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, 22 жастағы жігітті ұстады және оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің бірден үш бабы бойынша шара қолданды. Нәтижесінде құқық бұзушы Диярбек Қонарбаев сот қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – дейді тәртіп сақшылары.


Оқи отырыңыз: Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: бұрынғы полицей сотталды


Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға, түнгі уақытта тыныштықты бұзбауға және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау