Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: бұрынғы полицей сотталды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Тамыз айында Александр Пакқа қатысты шыққан үкім апелляциялық инстанцияда қаралды.

Алматының Медеу аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты бұрынғы тәртіп сақшысына қатысты үкімді жария етті.

Сот мінберіне үш адам қаза тапқан қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысы бар Әсет Жақсылықов отырды. Ол Алматы қалалық ПД бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізушісі болып қызмет атқарған. Сұмдық апат болған сәтте Жақсылықов Александр Пактың қасында екінші автокөлікті тізгіндеп келе жатқан. Сот шешімімен ол ҚР ҚК-нің 370-бабы ("Қызметтегі әрекетсіздік") бойынша айыпты деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Оқиғаның мән-жайына тоқталсақ, 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні Zeekr маркалы көлігін тізгіндеген жүргізуші Әл-Фараби даңғылында қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes жүргізушісі мен оның ішіндегі екі жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Аталған қайғылы жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын. Аталған іс аясында сот процесінде Әсет Жақсылықовтан да жауап алынды.


Оқи отырыңыз: "Баласы күйеуінен емес" деп қауесет таратқан зейнеткер айыппұл арқалады


Кейін, 22 маусым күні сот Александр Пакті ҚР ҚК-нің 345-1-бабы бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға темір торға қамау жазасын кесті. Мұнымен қоса, сотталған Пак өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ апатта қаза тапқан бойжеткеннің әкесінің берген талап арызы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілетін болды.

Тамыз айында Александр Пакқа қатысты шыққан үкім апелляциялық инстанцияда қаралды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау