Тікелей эфир

Жамбыл, Жетісу және Түркістан облысы. Тұрғын үймен ең аз қамтылған 3 өңір белгілі болды

Елде бір адамның тұрғын үймен қамтылуы 23,4 шаршы метрді құрайды.

Қазақстандағы 12 өңірде тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен, деп хабарлайды ranking.kz сайты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде бір адамның тұрғын үймен қамтылуы 23,4 шаршы метрді құрады. Бұл БҰҰ стандарттарынан айтарлықтай төмен. 

"БҰҰ мәліметінше, дамыған елдерде ең төменгі стандарт жан басына шаққанда 30 шаршы метр болуы тиіс. Ал кей елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету 60 шаршы метрден асады. Осыған сәйкес әлемдік стандарттардан әлдеқайда төмен Қазақстан халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті деп айтуға болады. Еліміздің 20 ірі өңірінің 12-сінде тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен. Тұрғын үймен ең аз қамтылғандар – Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарының тұрғындары", – делінген ақпаратта.

Дереккөзі: ranking.kz

Ипотекалық несие нарығындағы Отбасы банкінің 2022 жылғы несиелік үлесі 58 пайызға жеткен. 

Өткен жылдың соңына қарай Отбасы банкінде 2,5 млн салымшы болды. Ал депозиттік база 2,1 трлн теңгеге жетті. Бұл ҚР ЕДБ барлық ұзақ мерзімді депозиттерінің 42 пайызын құрады. Банк 3,5 пайыздан 11,5 пайызға дейінгі мөлшерлеме бойынша өте тартымды несие беру шарттарын ұсынады. Жыл сайын салымшылар 20% (200 АЕК-тен аспайтын сомада есептелген) мемлекеттік сыйлықақы алады.

Дереккөзі: ranking.kz

Жалпы, 20 жыл ішінде салымшылардың есепшотына 348 млрд теңге түскен. Оның 17,6 млрд теңгесі салымдардың мерзімінен бұрын жабылуына байланысты мемлекетке қайтарылған.

"Ипотекалық несиелеудің ІЖӨ-ге қатынасын қарастырсақ, Қазақстанда – 5%, ал Ресейде – 10%, Қытайда – 41%, Германияда – 44%, Францияда – 55%, АҚШ-та – 56%, Ұлыбританияда – 74%, Канадада – 78%. Яғни басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанның көрсеткіші тым төмен екенін және оны жақсартуға мүмкіндік бар екенін көреміз. Себебі, ипотекалық несиелер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен төлемдер деңгейі минималды, ал бұл нарықтың сенімділігі мен тұрақтылығын көрсетеді", – делінген ақпаратта.

Серіктестер жаңалықтары