Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акті бойынша шетелдік төрт азаматты түсірді.
Жамбыл облысы Жуалы ауданында Алматы–Ташкент автожолының 570-шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы кезінде екі көліктің ішінде жалпы саны 10 адам болған, олардың алтауы – балалар. Апат орнына Жуалы ауданының құтқарушылары жедел түрде жеткен. Құтқарушылар зардап шеккендерді қысылып қалған автокөліктерден шығарып, жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті.
ТЖМ мәліметінше, екі адамды медицина қызметкерлері аудандық ауруханаға жеткізсе, қалған зардап шеккендерді құтқарушылар емдеу мекемесіне апарған. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
USD:
516.1 / 518.9
EUR:
603.0 / 608.0
RUB:
6.41 / 6.53