Жамбыл облысында жер сілкінісінен соң залал келді деген баспаналар саны қысқарды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Бүгінде зілзаладан кейін қабырғалары сөгілді деген 12 тұрғын үй анықталған.

Жамбыл облысында жер сілкінісінен соң залал келді деген баспаналар саны 10 есеге дейін қысқартылды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұған дейін 122 тұрғын үй тіркелсе қазір оның дені есептен шығарылған. Үкіметтік жұмыс тобы тексерістің алдын ала қорытындысын жариялады. 

Бүгінде зілзаладан кейін қабырғалары сөгілді деген 12 тұрғын үй анықталған. Ал әлеуметтік нысандар тек Меркі мен Тұрар Рысқұлов ауданында тіркелген. Олардың ұзын саны 17. Әсіресе қуаты 5 балдық жер асты дүмпуінен Меркіде аудандық аурухана ғимараты, бірнеше ауылдық амбулатория, балаларды оңалту орталығы мен балабақша қабырғаларына сызат түскен. 

Қазір қауіп жоқ. Дегенмен мамандар азаматтық құтқару алгоритміне сай барлық жағдайға сақадай-саймыз дейді. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз