Жамбыл облысында жер сілкінді. Зілзала ошағы Қырғызстанда орналасқан

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жер сілкінісі бүгін 12 сағат 57 минутта тіркелді.

Жамбыл облысында жер сілкініп, оның Қордай ауданындағы қуаты 2 балл болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

"2025 жылғы 12 қыркүйек Астана уақытымен 12 сағат 57 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 187 км оңтүстік-батыста Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым ережені еске салды.

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз; 
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз; 
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз; 
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз; 
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз