Тікелей эфир

Жамбыл облысында учаскелік полиция қызметкері тасжолда тоңып қалған жүргізушілерді өз үйіне алып барды

Қатты аяз салдарынан жүк көлігінің қозғалтқыштары өшіп қалған.

Полиция қызметкері жүк көліктеріне жақындаған кезде тоңып отырған жүргізушілерді байқаған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Жамбыл облысы Жуалы ауданының учаскелік полиция инспекторы аумақты патрульдеу барысында, қатты аязда қозғалтқыштары өшіп қалған үш жүк көлігін көрген.

Полицей жүк көліктеріне жақындаған кезде тоңып отырған жүргізушілерді байқаған. Олардың дизельдік отындары таусылып қалған, ал қатты аязда жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетіне дейін жаяу бару мүмкін емес еді. Полиция қызметкері жанармай құю бекетіне барып, жанармай әкеліп қана қоймай, ер адамдарды үйіне әкеліп, жылытып, кешкі ас және ыстық шай берген.


Оқи отырыңыз: Қызыр қамшысы, бесқонақ, бөрісырғақ. Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?


Жақсылап жылынған жүргізушілер учаскелік инспектор мен оның отбасына өздеріне мүлдем таныс емес адамдарды үйлеріне жылы қарсы алып қана қоймай, оларды ажалдан аман алып қалғандары үшін алғыстарын білдірді.

Серіктестер жаңалықтары