Дәл осындай оқыс оқиғаларға арналған арнайы бетон арықтың үлкен көлемдегі суды өткізіп жіберуге күші жетпеді.
Жамбыл облысында тоқтаусыз жауған нөсер жауыннан сел жүріп, республикалық маңызы бар тасжол бұзылды. Қатты жаңбыр теміржолды шайып кеткен. Осындай төтенше жағдайға арнап салынған арық көп мөлшердегі суды өткізуге қауқарсыз болып шықты, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сай-саламен аққан су "Меркі-Шу-Бурылбайтал" тасжолының жиегіне жиналған. Дәл осындай оқыс оқиғаларға арналған арнайы бетон арықтың үлкен көлемдегі суды өткізіп жіберуге күші жетпеген. Ақыры тасқын су арықтың іргесін бұзып, асфальт, бетонымен қоса ағызып әкетіпті.
Тасқын теміржолдағы су өткелін де зақымдаған. Яғни, топырақ-тасын шайып, бетонның қаңқасын қалдырған. Осыдан кейін мамандар бірден көлік пен пойыз қозғалысын тоқтатты. Соның салдарынан жүздеген көлік кері қайтып, алты жолаушы пойызы жолдан қалды. Шу ауданы әкімінің айтуынша, таңғы төртке дейін жұмысшылар опырылып қалған тасжолды қалпына келтірген. Ал теміржолшылар түнімен жұмыс істеп, шамамен 3 сағат ішінде бір бағыт бойынша пойыздар жүре бастады. 8-ден өте екінші бағыт та іске қосылыпты.
"Қазіргі таңда автомобиль, теміржол – барлық көлік шектеусіз жүріп жатыр. Адам шығыны болмады", – деді Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров.
Шенеуніктер таңнан бері екі бағыт бойынша пойыздар қатынап жатыр десе де, жол бойында тоқтап тұрған отарбалар көп. Бұл екінші жолда жөндеу жұмыстарының бітпеуімен байланысты.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
319
-
0
-
3
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
293
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
275
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
265
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
269
-
1
-
4
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
259
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
257
-
0
-
2
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
248
-
0
-
2
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
242
-
0
-
2
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
246
-
0
-
0
-