Тікелей эфир

Жамбыл облысында қарлы боран салдарынан кейбір жүргізушілер пойызға ауыстырылды

Аймақтағы кейбір жолдар, соның ішінде Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының бір бөлігі жабылды.

Жамбыл облысында қарлы боран салдарынан кейбір жергілікті маңызы бар жолдар, сондай-ақ Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының Бірліктен Бурылбайталға дейінгі бөлігі жабылды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Түнде Тараз қаласының маңында 350 жүк көлігі мен 50 жеңіл көлік, Байзақ ауданындағы Ақшолақ стансасында 100 жүк көлігі, Рысқұлов ауданындағы Ақыртөбе ауылының маңында 200 жеңіл көлік, Қордай ауданындағы Қайнар ауылының маңында 200 жеңіл көлік жиналды.

"Жүргізушілер мен жолаушылар қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген. Сағат 01.00-де Момышұлы атындағы ауылдағы орта мектепте (13-і пойызбен кетіп қалды) бұрын жеткізілген 25 адамның 12-сі жылу пунктінде қалды", – деп жазылған хабарламада.

Әкімдік қызметкерлері, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жүргізушілерге көліктерін қар құрсауынан шығаруға көмектеседі. Коммуналдық және жол қызметтері де қызу жұмыс атқаруда.


Оқи отырыңыз: Қар қалыңдығы 1,5 метр: ШҚО-да қар құрсауында қалған жүкті әйелді құтқарушылар ауруханаға жеткізді


 

Серіктестер жаңалықтары